Шығармашылық үйінің педагогтары Алматы қаласындағы онлайн-конференцияға қатысты, оған N6 Оқушылар үйі шақырылды. Вебинардың тақырыбы:"Қосымша білім беру жүйесінде интеграцияланған қызмет түрлерін пайдалану". Осы конференцияда бүгінгі күнгі өзекті мәселелер талқыланды: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, үйірме бірлестіктерінің жұмысын сауатты және дұрыс ұйымдастыру. Сонымен қатар біздің педагогтар Шахтинск қаласының балалар-жасөспірімдер орталығының веб-семинарына қатысты, оның тақырыбы: "Қосымша білім беру балалар бірлестіктерінің жұмысында қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану".
Осы конференциялар мен семинарларға қатысу педагогтардың зияткерлік - шығармашылық бастамаларын дамытуға, осы салада өзін-өзі жүзеге асыруға кең мүмкіндіктер ашады.