«Ақмола обласы білім баскармасының Сандыктау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының балалар- жасөспірімдер шығармашалық орталығы» коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Центр детско-юношеского творчества села Балкашино при отделе образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»  

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сау бол, «Күншуақ қала»! Қайта кездескенше!

24.07.2026

Міне, «Күншуақ қала» жазғы алаңының «Әлемді 10 күнде аралаймыз» атты үшінші маусымы да өз мәресіне жетті.
Осы он күн балалар үшін жарқын әсерлерге, қызықты жаңалықтарға, шат күлкіге, шығармашылыққа және ұмытылмас сәттерге толы нағыз саяхатқа айналды. Әрбір жаңа күн балаларды жаңа елмен, жаңа оқиғалармен және қызықты тапсырмалармен таныстырды.
Ауысым барысында балалар өздерін нағыз саяхатшылар, батыл үндістер ретінде сезініп, газеттен ерекше көйлектер мен костюмдер жасап, талантты сәнгерлерге айналды. Шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысып, қиялдарын шыңдады, көңілді су күнін өткізді, бассейнге барып, спорттық эстафеталарға, ойындарға, байқауларға және түрлі командалық тапсырмаларға белсене қатысты. Әрбір күн қуанышқа, күлкіге, достыққа және жаңа ашылымдарға толы болды.
Белсенділіктері, білімге деген құштарлықтары, мейірімді жүректері және көтеріңкі көңіл күйлері үшін сүйікті бүлдіршіндерімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, бізге сенім артып, қолдау көрсеткен және осы тамаша жазды бірге өткізуге мүмкіндік берген ата-аналарға үлкен рақмет!

Просмотров: 74


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст