Текст
20.07.2026
Біздің балалар бассейнге барып, суда ойнап, шомылып, уақыттарын өте көңілді өткізді.
Шомылу балаларға көтеріңкі көңіл күй, сергектік сыйлап, жарқын әсерлерге бөледі. Олар қуана жүзіп, суда түрлі ойындар ойнады, суда өздерін сенімді ұстауды үйреніп, бір-біріне қолдау көрсетті.
Осындай іс-шаралар балалардың денсаулығын нығайтуға, дене белсенділігін дамытуға және жазғы демалыстан ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік береді.
Бұл күн «Күншуақ қаладағы» жазғы шытырман оқиғаларымыздың тағы бір жарқын бетіне айналды!