«Ақмола обласы білім баскармасының Сандыктау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының балалар- жасөспірімдер шығармашалық орталығы» коммуналдық мемлекеттіқ мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Центр детско-юношеского творчества села Балкашино при отделе образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»  

Біз әлеуметтік желілерде

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау қосымша білім беру ұйымына"

"Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашино ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы "коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан тұрғындарының назарына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығына сәйкес "қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілгенін хабарлайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап-30 минут: құжаттарды қабылдау сәтіне дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут; қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде баланы қосымша білім беру ұйымына қабылдау. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет Жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1)өтініш (еркін нысанда);
2) баланың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
3) баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Көрсетілетін қызметті алушыға баланы "Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім беру бөлімінің жанындағы Балкашино ауылының балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы"КММ қабылдау туралы хабарлама беріледі.
Қосымша ақпарат алу үшін әрбір тұтынушы Балкашино ауылы, Жамбыл көшесі, 9 мекенжайында орналасқан "Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашино ауылының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына" немесе 8(71640)92543 телефоны бойынша хабарласа алады.

Жаңартылған күні: 11.08.2021 16:15
Құрылған күні: 11.08.2021 16:15

Текст