Текст
22.07.2026
«Күншуақ қала» жазғы алаңында балалар сән мен шығармашылық әлеміне ерекше қызығушылықпен саяхат жасады. Кәдімгі газеттерді пайдалана отырып, олар ерекше костюмдер, көйлектер, сәнді аксессуарлар мен тың бейнелер жасады.
Әр команда өз қиялын, шығармашылығын және бірлесе жұмыс істеу қабілетін көрсетті. Жас сәнгерлер өз үлгілерін үлкен ықыласпен ойлап тауып, кейін оларды нағыз сән көрсетілімінде таныстырды. Барлық киім үлгілері жарқын, ерекше әрі қайталанбас болып шықты!
Бұл күн балаларға көтеріңкі көңіл күй, шат күлкі және мол шабыт сыйлады. Өйткені шығармашылықтағы ең бастысы – қиялдаудан қорықпау және ең батыл идеяларды жүзеге асыру!