Текст
Қымбатты балалар! Бүгін бүкіл әлем өте маңызды экологиялық мерекені - Жер күнін атап өтеді.
Бұл мереке біздің ортақ үйімізге, Жер планетасына деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың жалпы адамзаттық символдық мерекесі болды және қоршаған ортаны қорғауға қолдау көрсету мақсатында бүкіл әлемде атап өтіледі. Іс-шара алғаш рет 1970 жылы 22 сәуірде ұйымдастырылды, яғни тура 50 жыл бұрын. Қазір бұл күні Жер шарының әр бұрышында экологиялық мәселелерге немқұрайлы қарамайтын адамдар әлемде тазалық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізуде.