Текст
Аудандық мәдениет үйінде аудан мектептерінің оқушыларына арналған жаңа жылдық қойылым өтті.
Барлық балаларды келе жатқан Жаңа жылмен аудан әкімі Е.К. Жүсіпбеков құттықтады. Ербол Кәрімұлы балаларға зор денсаулық, бақыт, оптимизм тілеп, жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.
Мереке атмосферасы барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Мерекеге қатысушы балалар дөңгелек би билеп, ойын ойнады. Жаңа жылдық мерекенің безендірілуі әдемі шырша, ертегі кейіпкерлері және, әрине, Аяз Ата мен Ақшақар болды. Мереке көптеген жақсы естеліктер қалдырды.