Текст
2019 жылы 19 тамызда Көкшетау қаласында "Әулет" ОӘО базасында Ақмола облысының қосымша білім беру ұйымдары директорларының және қосымша білім беру педагогтарының секциясы жұмыс істеді. Аталған іс-шараның мақсаты қосымша білім беруге STEAM-технологияларды енгізу, бизнес-инкубаторларды дамыту, педагогтар мен білім алушылардың сандық сауаттылығын арттыру болып табылады.