Текст
IV тоқсанның басында балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында "Баланың жеке басын қалыптастырудағы қосымша білімнің рөлі"атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ЖБО жетекшісі, әдіскер, сондай-ақ үйірме бірлестіктерінің педагогтары сөз сөйледі. Ата-аналарға сауалнама жүргізілді: ата-аналарға қосымша білім не береді? Балаларға қосымша білім не береді? Сондай-ақ балалардың шығармашылық әлеуетін анықтау бойынша тестілеу өткізілді.
Ата-аналарға қосымша білім беру бағдарламалары бойынша балаларды қорытынды аттестаттау туралы түсініктеме беріліп, шығармашылық шеберлік сыныбы өткізілді.