Текст
29.06.2026
Бүгін «Күншуақ қала» жазғы алаңында «Елорда тарихы – ел тарихы» атты қызықты викторина өтті.
Балалар сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, Қазақстанның елордасы туралы жаңа мәліметтермен танысып, оның көрікті жерлерін еске түсірді.
Іс-шараның жалғасы ретінде шығармашылық тапсырма ұйымдастырылды: пластилин мен сіріңкенің көмегімен балалар өздерін нағыз сәулетшілер ретінде сезініп, сүйікті елордамызға арналған жаңа ғимараттардың макеттерін жасады.
Осындай танымдық әрі шығармашылық жұмыстар балалардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, қиялын, шығармашылық ойлау қабілетін және туған еліне деген сүйіспеншілігін дамытады.