Текст
Жазғы алаңымызда саз балшықтан мүсіндеу бойынша керемет мастер-класс өтті!
Балалар шығармашылық әлеміне толықтай еніп, қиялдарына ерік беріп, өз қолдарымен нағыз саз шедеврлерін жасады!
Әр туынды — ерекше, өзіндік мінезі мен жаны бар.
Мұндай сабақтар ұсақ моториканы дамытып қана қоймай, төзімділікке, жинақылыққа үйретіп, жаңа идеяларға шабыттандырады!