Текст
Аудандық мәнерлеп оқу сайысы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналды. Байқаудың мақсаты мен міндеті: Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпақтың ұлы қазақ ақынының өмірі мен шығармашылық жолы туралы білімдерін кеңейту; рухани дамуды нығайту және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.