Текст
Әр ересек адам сіздерге денсаулық - бұл ең үлкен құндылық деп айтады, бірақ қазіргі жастар басты құндылықтар қатарында ақша, мансап, махаббат, даңқ деп атайды, ал денсаулық 7-8 орынға қояды.
Мықты жас ұрпақты рухани және дене күшін үйлесімді дамытумен тәрбиелеу ерте жастан басталуы тиіс.
Артериялық гипертензияның алдын алу балаларға, жасөспірімдер мен жастарға қатысты өзекті мәселе болып табылады.
Бүгін шығармашылық үйінің педагогтары тәрбиеленушілер мен ата-аналар арасында салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Содан кейін біздің жас "доктор" қабылдау жүргізді, онда барлық тілек білдірушілер өздерінің қан қысымын өлшей алды.