Текст
17.07.2026
Бүгін біздің балалар қарапайым әуе шарының ертегідегі кейіпкерге айнала алатынына көз жеткізді!
Шығармашылық шеберлік сабағында балалар қиялдарын, ұқыптылықтарын және шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, әуе шарларынан жарқын әрі ерекше кейіпкерлер жасады. Әр кейіпкер өзіндік ерекшелігімен көзге түсіп, қайталанбас болып шықты.
Шығармашылық жұмыстан кейін балалар мейірімді әрі қызықты мультфильм тамашалап, жақсы көңіл күйге бөленді. Мультфильм оларға шаттық сыйлап, жүздеріне күлкі ұялатып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бұл күн жарқын әсерлерге, қуанышқа және мерекелік көңіл күйге толы болды!