Текст
10.07.2026
Саяхат барысында қатысушыларды қызықты сынақтар күтіп тұрды. Олар емдік шөптерді жинады, «Отты жеткіз» ойынында бірлесе әрекет етуді үйренді, «Қыранның көзі» сынағында қырағылықтарын көрсетті, өзеннен өтті және «Тыныш аңшы» ойынында шыдамдылық пен ептіліктерін танытты.
Әрбір тапсырма балалардың бір-біріне жақындай түсуіне, батыл әрі өз күшіне сенімді болуына ықпал етті. Жорық балаларға жарқын эмоциялар, көңілді сәттер және ұмытылмас әсерлер сыйлады!
Керемет көңіл күйі, белсенділігі және ұйымшылдықтары үшін барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! Алда бізді әлі де талай қызықты оқиғалар мен жаңа шытырман оқиғалар күтіп тұр!