Текст
03.07.2026
Балалар еліміздің әсем астанасының тарихы мен рәміздері туралы мағлұмат алып, қызықты викторинаға қатысып, өз білімдерін, тапқырлықтарын және ұйымшылдықтарын көрсетті. Сонымен қатар, оларды шығармашылық тапсырмалар, көңілді ойындар және көтеріңкі көңіл күйге толы сәттер күтті.
Бұл күн балалардың туған елі туралы білімдерін тереңдетіп, Қазақстанға және оның астанасына деген мақтаныш сезімін арттыра түсті. Барлық қатысушыларға белсенділіктері, көтеріңкі көңіл күйлері және шынайы күлкілері үшін алғысымызды білдіреміз!