Текст
Түрлі-түсті түстер кеші — балаларға керемет көңіл-күй сыйлайтын, ал жарқын суреттер бұл оқиғаның ең үздік сәттерін ұзақ уақытқа есіне қалдыратын ерекше шара!
Балалар түрлі байқауларға белсене қатысты, ашық аспан астында ойындар ойнады, жасыл алаңқайда пикник ұйымдастырды.
Біздің түрлі-түсті кешіміз «Шырақ жанып тұрғанда» атты ортақ достық шеңберімен аяқталды. Балалар бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп, ертеңгі күнге арналған тілектерін айтты.
Кешіміз аяқталды, бірақ жаз әлі жалғасуда. Ол да бүгінгі мерекедей жарқын, көңілді әрі түрлі-түсті болсын дейміз!